Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

World Boxing кубогінің 2026 жылғы финалы Ташкентте өтеді

Фото: https://www.instagram.com/boxinguzbekistan_official/

Биыл қыркүйек айында Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионаты барысында World Boxing ұйымы Кубоктың финалдық кезеңін қабылдайтын елдерден өтінім жинаған болатын.

Соған сай Өзбекстан бокс федерациясы да қатысып, өз ұсынысын ұсынды. Нәтижесінде федерацияның өтінімі World Boxing Атқару комитеті тарапынан мақұлданып, Кубоктың финалдық кезеңін өткізу құқығы Ташкентке берілді.

Осылайша, 2026 жылғы World Boxing Кубогының финалдық жекпе-жектері қараша айында Өзбекстан астанасында ұйымдастырылатын болды.

Кубоктың бірінші кезеңі 2026 жылдың сәуір айында Бразилияда, ал екінші кезеңі маусым айында Қытайда өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Шорт-трек жаттықтырушысы 5,9 млн теңгені қалтасына басқан

Redaktor

Чемпионатта әлі де бәсекелестік деңгейі жоғары емес — Әсем Қаражанова

Redaktor

Қазақ баласы Бейбарыс Қаблан таеквондодан тұңғыш әлем чемпионы атанды

Redaktor