Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Отбасым үшін емес»: Жәнібек Әлімханұлы маңызды айқас алдында рингке не үшін шығатынын айтты

Фото: qazsporttv.kz

IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBA белбеуінің иесі кубалық Эрисланди Лараға (31-3-3, 19 KO) қарсы өтетін жекпе-жекке қатысты маңызды сөз айтты.

Мен өзім үшін емес, отбасым үшін емес, жай ғана жұдырықтасу үшін шаршы алаңға шығамын. Бокс саласында мен көп нәрсеге жеттім. Өмір бойы әуесқой бокста жүріп, әлем чемпионы атандым. Енді бүкіл әлемге қазақ бокс стилін, өзімнің кім екенімді көрсететін уақыты келді, — деді Әлімханұлы Top Rank промоутерлік компаниясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жекпе-жек 6 желтоқсанда (Қазақстан уақытымен 7 желтоқсан) АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтеді. Жеңімпаз барлық үш титулды иеленеді.

Айта кетейік, кубалық боксшы соңғы рет өткен жылдың қыркүйегінде рингке шығып, америкалық Дэнни Гарсияны (37–4, 21 KO) нокаутпен жеңген. Ал Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2025 жылғы сәуірде өнер көрсетіп, Астанада француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңген.

Ұқсас жаңалықтар

Мейірім Нұрсұлтанов пен Карлос Адамес жекпе-жегі не себепті әлі өтпей келеді?

Redaktor

Базар жастары киберспорттан бақ сынасты

admin_beksports

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды

Redaktor