Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Сәкен Бибосынов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ

ФОТО: KBF

Қазақстандық танымал боксшы Сәкен Бибосынов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Турнир Дубайда (БАӘ) өтіп жатыр.

54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Бибосынов Ботсвана өкілі Катлего Кеорапецені тас-талқан етіп ұтты. Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен – осы салмақтағы көшбасшы боксшылардың бірі. Бұл біріншілікке де ол чемпион атану үшін келгені анық.

Сәкен жекпе-жек басталысымен толық бақылауда ұстап, төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.

Әлем чемпионаты-2025 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

Бибосынов 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр. Ол турнирді бірден 1/16 финалдан бастады. Алғашқы жекпе-жекте Сәкеннің қарсыласы Ботсвана елінің өкілі Катлего Кеорапеце болды.

Қазақстандық боксшы барлық раундта басым болды. Жекпе-жек соңында төрешілер бірауыздан Сәкеннің жеңісін тіркеді..

 

Ұқсас жаңалықтар

«Бекзат Саттархановтың өлімі сабақ болу керек еді». Амалбек Тшанов боксшыларға ренішін білдірді

Redaktor

Данияр Қайсанов Азия чемпионатындағы нәтижені қорытындылады

Redaktor

Фабрицио Романо Дастан Сәтпаевтің карьерасы туралы маңызды ақпарат жариялады

Redaktor