Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина 19 жастағы теннисшіден жеңіліп қалды

Фото: globallookpress.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 3-нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Қатар астанасы Доха қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды.

Ол әлемдік рейтингте 13-орында тұрған 19 жастағы канадалық Виктория Мбокомен кездесті. Үш сетке созылған матчта Рыбакина 5:7, 6:4, 4:6 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Аустралия ашық чемпионатын қоса есептегендегі оның 9 матчқа созылған жеңіс сериясы үзілді. Егер қазақстандық теннисші финалға дейін жеткенде, әлемнің екінші ракеткасы атанар еді.

Мбоко енді финал жолдамасы үшін латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Ал турнирдің бірінші ракеткасы Ига Швентек ширек финалда Мария Саккариге жол берді.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Астана» елордада «Қызылжарды» қапы қалдырды

Redaktor

Бақыт Сәрсекбаев бокстан жастар құрамасының әлеуетіне баға берді

Redaktor

Михаил Кукушкин ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады

Redaktor