Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Отандық танымал бапкер Сәкен Бибосыновтың әділетсіз әлем чемпионы атанғанын айтты

Фото: instagram/sakenbibosinov

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Назым Қызайбайды екі мәрте әлем чемпионы етіп тәрбиелеген Жұмабек Өмірзақов Сәкен Бибосыновтың Дубайда өткен әлем чемпионатында төрешілік шешімдердің әділетсіз болғанына сенімді екенін білдірді.

Бапкердің пікірінше, финалдық жекпе-жекте төрешілер тарапынан қателіктер жіберіліп, Бибосыновтың жеңісі күмән туғызған:

«Шынын айтқанда, Сәкен финалда айқын жеңілді. Бірінші раундта ол нокдаунға түсті, алайда рефери есеп ашқан жоқ. Меніңше, бұл Кремлёв тарапынан жасалған ашық «қойылым» болды. Бірінші раундты ұтты, бірақ үшінші раундта ресейлік боксшы оны әбден қыспаққа алды, соған қарамастан раунд Бибосыновқа берілді. Бірінші раундтағы нокдаун есептелмеді, ал үшінші раундта ресейлікке нокдаун берілді, бірақ оның себеп-салдарын мен де түсінбеймін», – деді Жұмабек Өмірзақов.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда Сәкен Бибосынов ресейлік Владислав Рогозинмен жұдырықтасты. Қазақстандық тәжірибелі боксшыға қарсылас алғашқы раундта 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ұқсас жаңалықтар

IBA Әлем чемпионатына қатысатын жұлдызды боксшылар тізімін жариялады

Redaktor

Ертуған Зейнуллинов күтпеген жерден жүлдегер болып шыға келді

Redaktor

Өзбекстан мен Қырғызстан Орталық Азиядағы ең ірі стадион құрылысына кірісті: Қазақстан ше?

Redaktor

Пікір жазу