Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлады

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/ Сали Сабиров, ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындап, көлік сыйлады.

Instagram желісіндегі Qumash парақшасында Милан мен Кортинада өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазына арналған автокөліктің суреттері жарияланды. Қара түсті Hyundai Palisade көлігі ұлттық нақыштағы графикамен безендірілген. Шанағында «Мишабай, жеңісің құтты болсын!» және «Қазақстан мақтанышы» деген жазулар бар, сондай-ақ көліктің Олимпиада чемпионына арналғаны көрсетілген.

2026 жылғы ақпан айындағы дерек бойынша, Hyundai Palisade көлігінің люкс жиынтықтағы орташа бағасы 37,3–37,8 миллион теңге.

13 ақпанда ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан қысқа және еркін бағдарламалар қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров сенсациялық түрде Олимпиада чемпионы атанды. Сол күні ол өнер көрсету барысында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнді пайдаланған. Сол сәтте әнші спортшыға видеоүндеу жолдап, оған темір тұлпар сыйлайтынын айтқан еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Гран-приі — 2024 MotoGP ресми өтпейтін болды

Redaktor

Астанада «Ұлы Дала ойындары» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Redaktor

Дана Уайт: Макгрегор 2024 жылы жекпе-жек өткізбейді

Redaktor