Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Бас бапкер Оралбайдың жаңа салмаққа ауысатынын мәлімдеді

ҚФБ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов бокстан ел құрамасындағы салмақ дәрежелеріне қатысты өзгерістер туралы айтты.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне ауысуды жоспарлап отыр. 90 келіге дейінгі салмақта көшбасшы бұрынғыша Сағындық Тоғамбай болып қала береді. Сонымен қатар Дәулет Төлемісовтің де 90 келіге дейін көтерілуі мүмкін. Ал 90 келіден жоғары салмақта жас боксшымыз Аслан Елдібайұлына үлкен үміт артып отырмыз, – деп келтіреді Қайрат Сәтжановтың сөзін «Спорт министрі» басылымы.

World Boxing ұйымының қамқорлығымен өткен бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты қыркүйек айында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында ұйымдастырылды. Аталған додада Нұрбек Оралбай ширек финалға дейін жетіп, өзбекстандық Жавохир Умматалиевке төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жол берді.

Айта кетейік, 2024 жылдың жазында Парижде өткен Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай Қазақстан ерлер құрамасы сапынан жүлде алған жалғыз боксшы атанды. Сондай-ақ оның қоржынында Азия чемпионатының (2022) қола жүлдесі және әлем чемпионатының (2023) алтын медалі бар.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«Ақтөбе» мен «Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Өзбекстанда үздік футболшы атанды

Redaktor

Душанбеден бір күміс, екі қоланы қанағат тұттық

admin_beksports

Қазақстанның ең сұлу боксшысы Үндістанның мықтысымен айқасады

admin_beksports

Пікір жазу