Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Тұрсын Алагөзов енді 65 жастан асқан ата-аналарға ай сайын 50 мың теңге зейнетақы төлейді

Видеодан кадр

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өз қызметкерлерінің 65 жастан асқан ата-аналарына ай сайын қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл бастама «GALANZ Bottlers» компаниясының жаңа жылға арналған корпоративтік кешінде жарияланған. Кеш барысында кәсіпкер жыл қорытындысын жасап, ұжымға ерекше әлеуметтік жобаны таныстырды.

Алагөзовтің айтуынша, компанияда еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жасы 65-тен асқан әрбір ата-анасына ай сайын 50 мың теңге көлемінде «зейнетақы» төленеді. Бұл төлем компания есебінен емес, кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асады.

«Маған осындай адал, жауапкершілігі жоғары мамандарды тәрбиелеп өсірген әрбір ата-ана құрметке лайық. Сондықтан жастары 65-тен асқан әрқайсыңның ата-анаңа өз атымнан ай сайын 50 мың теңге зейнетақы төлеймін», – деді кәсіпкер.

Кәсіпкер бұл бастаманы ата-аналардың өмір бойғы еңбегі мен бала тәрбиесіндегі рөлін бағалау, сондай-ақ қызметкерлерге деген алғыс ретінде қабылдауды ұсынды. Аталған жоба компанияның әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына адалдығын айқындайтыны да атап өтілді.

Айта кетейік, Тұрсынғали Алагөзов бұған дейін де бірнеше әлеуметтік бастамаларымен ел назарын аударған. Биыл жазда ол 100 қызметкеріне пәтер сыйлаған, ал күзде «Қайрат» футбол клубына екі микроавтобус табыстаған болатын.

Бұл жолғы шешім де қоғам тарапынан оң бағаланып, әлеуметтік желіде кеңінен талқылануда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Ұқсас жаңалықтар

«Алдағы жаңалық бұдан да қызық болмақ»: актер Олжас Абайдың жазбасы көпшілікті ойландырып қойды

Redaktor

Сәкен Майғазиевтің келіні қуанышты жаңалығын айтты

Redaktor

Өзбекстанға жақын жерден арнайы іздедім — Айдар Тұрғанбек

Redaktor

Пікір жазу