Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Кеудеме өксік тығылды»: Азамат Сатыбалды Асанәлі Әшімовті есіне алды

Фото: Коллаж: sn.kz

Танымал актер Азамат Сатыбалды қазақ киносы мен театрының аңызы, Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты терең күйзелісін білдірді.

Актер марқұмды өнердегі әкесі санағанын айтып, оның қазасын «алып бәйтеректің құлауымен» теңеді.

«Театрға келгенде мені өз баласындай бауырына басты. Алғашқылардың бірі болып мен келдім. Қонаққа баруымыз керек болған. Жеңгемнен қаралы хабар келді. Алып бәйтерек құлағандай болды. Мені әрқашан жанына бірге алып жүретін. Тауым шағылып, өте жаман күй кешіп тұрмын. Ішім алай-дүлей. Өнердегі әкемнен айырылдым. Біз бала болыппыз. Енді қазақ өнері не болмақ? Қайда барамыз, кімге қарап бой түзейміз? Өте ауыр», — деді Азамат Сатыбалды.

Сонымен қатар, актер марқұм Асанәлі Әшімовпен болған соңғы телефон әңгімесін де еске алып, желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы жазды.

«Соңғы сырласу… Телефон шыр етті, қарасам Асанәлі аға звондап жатыр екен. Амандастық, біраз әңгіме айтылды. Сөз соңында:
-Аға, не шаруа, не тапсырмаңыз бар? — дедім.
Ол кісі сәл кідіріп:
— Ешқандай шаруа да, тапсырма да жоқ. Жәй өзіңді сағындым, — деді.

Кеудеме өксік тығылды. «Ең болмаса даусыңды естейін, қайда жүрсең де аман бол» деді. Уәделесіп, жылы қоштастық. Әттең, Асанәлі аға… енді мен сізді қатты сағынатын боламын…», — деп жазды актер.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов – қазақ киносы мен театрының алтын қорына енген ондаған бейненің авторы, бірнеше буын актерге ұстаз болған ұлы тұлға. Оның қазасы –  ұлттық өнер үшін орны толмас ауыр қаза.

 

Ұқсас жаңалықтар

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовтың басына жасалған операция туралы алғаш рет айтты

Redaktor

Жетісайдағы трагедия: Өрттен аман қалған науқастың бірі есін жиды

Redaktor

«Баланың тірлігі»: Мөлдір Мұқанова Бақыт Тұрманға қатысты айтылған пікірге жауап берді

Redaktor

Пікір жазу