Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Қазақстандық боксшылар World Boxing ұйымының жыл үздіктері қатарына енді

ҰОК

World Boxing халықаралық федерациясы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткерлерді ресми түрде жариялады. Аталған тізімнен Қазақстан ұлттық құрамасының екі өкілі орын алды.

Ерлер арасындағы номинацияда биылғы әлем чемпионатының жеңімпазы әрі Астанада өткен Әлем кубогы кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан үздіктер қатарына қосылды.

Ал әйелдер бәсекесінде 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшысы» атағына таласады.

Айта кетейік, әр номинация бойынша бес боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында «1 лүпіл – 1 дауыс» қағидатымен өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Рыбакина жоқ: Билли Джин Кинг кубогіне қатысатын теннисшілер белгілі болды

Redaktor

Қарағандыда Серік Сәпиевті жұмыс уақытында орынбасары ұрды

Redaktor

Титулыды айқастағы нокауттан кейін Сұлтан Зауырбек рейтингте жоғарлады

Redaktor