Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

«Визаны барлық туыстарға рәсімдеп қойды ма?»: Олимпиадаға бөлінген миллиардтар қазақстандықтардың наразылығын тудырды

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық спортшыларды 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13 миллиард теңге жұмсалғаны белгілі болды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Аталған мәселеге қатысты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов түсініктеме берді. Министрдің айтуынша, Олимпиада – бәсекелестігі өте жоғары деңгейдегі жарыс, ал бір жылда чемпион дайындау мүмкін емес.

«2018 жылдан бері Олимпиадада медаль алған жоқпыз. Бір жылда бұрын халықаралық ареналарда жүлде алмаған спортшыны Олимпиада чемпионы деңгейіне жеткізу мүмкін емес. Біз ересектер құрамасында бар спортшыларға барлық жағдайды жасадық: шетелдік базаларда жаттығу, жаңа әдістемелерді сынақтан өткізу, шетелдік мамандарды тарту, медициналық-биологиялық қолдау көрсету», — деді министр.

Әлеуметтік желідегі сын

Алайда бұл сома әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды. kzsports Instagram парақшасында қазақстандықтар түрлі сыни пікір қалдырған. Желі қолданушылары қаржының мақсатты жұмсалуына күмән келтіріп, спортшылардан гөрі шенеуніктер мен «артық адамдардың» жарысқа баратынын алға тартты.

 «Әр спортшыға он бастықтан еріп барады», «Ақшаның қаншасы шын мәнінде спортшыларға жетті?», «Медаль болмаса, қалай есеп береді?», «Олимпиадалық емес спорт түрлері өз қаржысымен барып, нәтиже әкеліп жүр», «Визаны барлық туыстарға рәсімдеп қойды ма?», — деген сарындағы жазбалар жиі кездеседі.

Айта кетейік, XXV Қысқы Олимпиада ойындары Қысқы Олимпиада-2026 Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 2026 жылдың 6–22 ақпаны аралығында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогі өтті

Redaktor

Төрехан Сабырхан Еуразия кубогінің жартылай финалына шықты

Redaktor

Қазақстан ФИФА рейтингінде төмен сырғыды

Redaktor

Пікір жазу