Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстандық мергендер екі алтын медаль атып алды

ҰОК

Қазіргі уақытта Қатардың Доха қаласында стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыс барысында Қазақстан құрамасы барлығы бес медаль жеңіп алды. Оның екеуі – алтын, біреуі – күміс, тағы екеуі – қола жүлде.

Әйелдер арасындағы скит жаттығуында Адель Садақбаева чемпион атанса, осы бағдарламада Ольга Хайлова қола медаль иеленді.

Сондай-ақ скит түрінен әйелдер құрамасы командалық жарыста да алтын жүлдеге қол жеткізді. Команда құрамында Адель Садақбаева, Ольга Хайлова және Әсем Орынбай өнер көрсетті.

Ерлер арасындағы скит бәсекесінде Эдуард Ещенко күміс медальға ие болды. Бұған қоса, осы дисциплина бойынша ерлер құрамасы командалық сайыста қола жүлдені еншіледі. Қазақстан командасы сапында Ратмир Еникеев, Эдуард Ещенко және Илья Пеньков бақ сынады.

Айта кетейік, стенд атудан Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.

 

 

 

 

 

Фото: ҰОК

Ұқсас жаңалықтар

Тарихи жетістік: Қазақстан теннистен әлемнің ТОП-6 елінің қатарына енді

Redaktor

Қазақ күресінде жаңа беделді турнир пайда болды

Redaktor

2026 жылғы «Алтын допқа» үміткерлер тізімі жарияланды: Месси бар, Роналду жоқ

Redaktor