Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Қазақ баласы Заңғар Нұрланұлы Аустралиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Фото: теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы Аустралияның Тралалгон қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан беделді J300 санатындағы халықаралық турнирде тарихи жетістікке қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 12-орында тұрған және жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген Заңғар турнирді сенімді бастады. Алғашқы айналымда ол ресейлік Марат Салбиевті айқын басымдықпен жеңді – 6:0, 6:3.

Екінші кездесуінде қазақстандық спортшы германиялық Оливер Маджанжиктен айласын асырды – 6:4, 6:1. Ал үшінші айналымда жасөспірімдер арасындағы әлемнің 21-ракеткасы, АҚШ өкілі Гавин Гудты тартысты матчта жеңіп шықты – 7:6 (7:5), 6:1.

Осы нәтижесінің арқасында Заңғар Нұрланұлы қазақстандық теннисшілер арасынан алғаш рет Тралалгон турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Жартылай финалға шығу үшін қазақстандық жас спортшы жасөспірімдер арасындағы әлемнің 5-ракеткасы, бразилиялық Луис Гуто Мигуэлмен кортта кездеседі.

Айта кетейік, Тралалгондағы бұл турнир жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионаты қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ-дың жаңа маусымының күнтізбесі анықталды

Redaktor

Елдос Сметов Олимпиада ойындарына үшінші рет қатыспақ

Redaktor

Александр Усик қазіргі бокстағы әлемнің ең үздік боксшысын атады

Redaktor