Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Өзбекстандағы этникалық қазақ Руслан Абдуллаев қарсыласын нокаутқа түсірді

АҚШ-та өткен бокс кешінде Өзбекстан намысын қорғайтын этникалық қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев кезекті сенімді жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жек Калифорния штатында Golden Boy промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кеші аясында өтті.

Абдуллаевтың қарсыласы уругвайлық Эдуардо Хавьер Абреу болды. Жекпе-жектің алғашқы раундтарынан бастап Руслан айқын басымдық танытып, жылдамдық, техника және тактикалық шеберлік жағынан қарсыласынан бір саты жоғары екенін дәлелдеді.

Сегіз раундқа жоспарланған кездесудің бесінші раундында Абреу нокдаунға түсті. Ол жекпе-жекті жалғастырғанымен, Абдуллаевтың дәл әрі ауыр соққылар сериясынан кейін қарсылық көрсете алмады. Нәтижесінде төреші кездесуді тоқтатып, Руслан Абдуллаевтың техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.

Осылайша, Руслан Абдуллаев кәсіби мансабындағы төртінші жеңісіне жетіп, жеңісті сериясын жалғастырды.

Ұқсас жаңалықтар

Милан-2026: Софья Самоделкина Олимпиадада қазақ қыздарының нәтижесін жақсартты

Redaktor

«Барыс» Президент Кубогына қатысатын құрамды жариялады

Redaktor

Өзбекстан Азия жасөспірімдер ойындарының жүлдегерлерін қаржылай марапаттады

Redaktor