Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Криштиану Роналдудың бұрынғы командаласы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

фото: Reuters

Португалия футболының атақты ойыншысы Нани «Ақтөбе» клубының сапына қосылуы ықтимал.

Отандық инсайдер AmanVIBE таратқан ақпаратқа сәйкес, 2016 жылғы Еуропа чемпионы ақтөбелік ұжыммен келісімшарттың негізгі шарттарын толық келіскен. Жақын арада ол «қызыл-ақтардың» оқу-жаттығу жиынына қатысады деп күтілуде.

Мәліметке сүйенсек, 22 қаңтар күні Нани алдымен Алматыға ұшып келіп, кейін Ақтөбеге барады. Сол жерде футболшыны клуб жанкүйерлеріне ресми түрде таныстыру жоспарланған.

Нани мансабының ең жарқын кезеңін «Манчестер Юнайтед» сапында өткізді. Ағылшын клубымен бірге ол Англия Премьер-лигасын төрт рет жеңіп, Лига кубогын екі мәрте иеленді, Чемпиондар лигасында топ жарды, сондай-ақ Англия Суперкубогының төрт дүркін жеңімпазы және клубтар арасындағы әлем чемпионатының чемпионы атанды.

Бұдан бөлек, әр жылдары Нани «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио», «Орландо Сити», «Венеция», «Мельбурн Виктори», «Адана Демирспор» және «Эштрела» клубтарында өнер көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Дзюдошылар Францияда соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Redaktor

«Аспаннан түсу керек: Уразбахтин «Қайрат» футболшыларының еркелеп кеткенін айтты

Redaktor

Әлем чемпионаты: Иранның орнына Италия құрамасы баруы мүмкін

Redaktor