Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Брюггеден» ірі есеппен ұтылды

Казфутбол

UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі жетінші турда алматылық «Қайрат» елордада Бельгияның «Брюгге» командасын қабылдады. Алайда қазақстандық клуб бұл кездесуде қарсыласына 1:4 есебімен жол берді.

Турнирде қос команда да тұрақты нәтиже көрсете алмай келгендіктен, бұл матчтағы жеңістің маңызы жоғары болды. Ойын басынан бельгиялық ұжым басымдық танытып, қауіпті шабуылдарды жиі ұйымдастырды.

32-минутта Александар Станкович есеп ашса, арада алты минут өткенде Ханс Ванакен айырманы ұлғайтты. Екінші таймда «Қайрат» шабуылды күшейткенмен, өз қақпасына тағы екі гол жіберіп алды. 74 және 84-минуттарда Ромео Верман дубль авторы атанды. Кездесудің соңғы минуттарында Әділет Садыбеков бір гол соғып, есепті қысқартты.

Осылайша «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі кезекті жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін алматылық клуб «Спортингтен» (1:4), «Реал Мадридтен» (0:5), «Интерден» (1:2), «Олимпиакостан» (0:1), «Копенгагеннен» (2:3) ұтылып, «Пафоспен» (0:0) тең ойнаған еді.

Келесі ойында «Қайрат» 28 қаңтарда Англияның «Арсенал» командасымен кездеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Бір жылдан бері күтіп жүрген пәтері әлем чемпионына тапсырылды

Redaktor

«Алғаш рет!»: Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына жолдама алды

Redaktor

Рыбакинаның жаңа жылдағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Redaktor