Beksports спорт порталы
ДзюдоЖаңалықтар

Париждегі үшінші қола жүлдені Нұрлыхан Шархан сыйлады

Фото: Халықаралық дзюдо федерациясы

Қазақстандық балуан Нұрлыхан Шархан дзюдо күресінен Париждегі Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды.

Ол 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен. Отандасымыз жұбаныш финалында Катарина Симеонды жеңді. Нидерланды елінің спортшысымен өткен шешуші кездесу голден скорге дейін созылды. Қосымша уақытта Нұрлыхан вазари ұпайын еншілеп, Қазақстан қоржынына үшінші қола жүлдені салды.

Айта кетерлігі, Қазақстан сапынан сынға түскен Аман Бақытжан (-60 кг) мен Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) үздңк үштіктен көрініп, жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Парижде өткен жаңа спорт маусымының алғашқы әлемдік рейтингтік турниріне 78 елден 488 дзюдошы бақ сынады.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары финал жолдамасын сарапқа салады

Redaktor

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының алғашқы күнін алты медальмен аяқтады

Redaktor

Қазақстан Премьер-лигасы: «Астана» мен «Ордабасы» тең тарқасты

Redaktor