Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Қазақстан Премьер-лигасы: «Астана» мен «Ордабасы» тең тарқасты

Фото: ФК Ордабасы

Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында алғашқы ойын күнін «Астана» мен «Ордабасы» командалары арасындағы кездесу түйіндеді.

Биыл елордалық клуб құрамында айтарлықтай өзгерістер болды – бірқатар тәжірибелі футболшылар командадан кетті. Соның салдарынан «Астана» маусым басында тұрақты нәтиже көрсете алмай келеді.

Ойын қос команда үшін де белсенді басталды. Қарсыластар алғашқы минуттардан-ақ шабуылға ден қойғанымен, бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Қақпашылар сенімді ойнап, бірнеше қауіпті сәттің алдын алды.

Екінші таймда ойын қыза түсті. 77-минутта шымкенттік клубтың жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмір алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты. Оның соққысы «Астана» қақпашысы үшін алынбас асуға айналды.

Алайда матчтың соңғы сәттері тартысты өтті. Елорда командасы таразы басын теңестіруге бар күшін салды. Нәтижесінде 94-минутта ұлттық құраманың тәжірибелі қорғаушысы Ян Вороговский айып алаңында сәтті ойнап, есепті теңестірді – 1:1.

Осылайша, қос команда бір ұпайдан бөлісті.

Бұл нәтижеден кейін «Ордабасы» 9 ұпаймен турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілсе, «Астана» 8 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, осы тур аясында «Атырау» «Қайсар» командасын 2:0 есебімен жеңді. Ал «Елімай» «Жетісу» клубынан 1:0 есебімен басым түсті. Сондай-ақ «Тобыл» мен «Қайрат» арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланды

Redaktor

Премьер-лигадағы легионерлер саны 8 ойыншыға дейін қысқарады

Redaktor

Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға 3 бөлмелі пәтер табысталды

Redaktor