10 ақпанда Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың кезекті жарыс күні өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары бірден бес спорт түрі бойынша сынға түседі.
Жарыс күнін шаңғышылар бастайды. Әйелдер арасындағы спринттің іріктеу кезеңінде Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Анна Мельник және Ксения Шалыгина жарыс жолына шығады. Ерлер арасындағы спринтте Наиль Башмаков, Виталий Пухкало және Әмірғали Мұратбеков бақ сынайды.
Шорт-тректен Қазақстан намысын Яна Хан мен Ольга Тихонова, сондай-ақ Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев қорғайды.
Фристайл-могулда ұлттық құрама сапынан Павел Колмаков, Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әміренова өнер көрсетеді.
Биатлоннан 20 шақырымдық жеке жарыс өтеді. Бұл сында ел намысын Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов қорғайды.
Ал жарыс күнін мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама аяқтайды. Онда Михаил Шайдоров мұз айдынына шығады.
10 ақпанға арналған Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
13:15 — Шаңғы жарысы, спринт (әйелдер)
Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Анна Мельник, Ксения Шалыгина
13:57 — Шаңғы жарысы, спринт (ерлер)
Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Әмірғали Мұратбеков
14:30 — Шорт-трек, 500 м (әйелдер)
Яна Хан, Ольга Тихонова
15:10 — Шорт-трек, 1000 м (ерлер)
Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев
15:15 — Фристайл-могул, іріктеу кезеңі (ерлер)
Павел Колмаков
17:30 — Биатлон, 20 км жеке жарыс (ерлер)
Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов
18:15 — Фристайл-могул, іріктеу кезеңі (әйелдер)
Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әміренова
22:30 — Мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама
Михаил Шайдоров
2026 жылғы Олимпиаданы тікелей трансляциялары Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly телеарналарынан көрсетіледі.
