Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина қатарынан екінші турнирде жеңілді

Фото: globallookpress.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Аустралия ашық чемпионатындағы табысты өнерінен кейін қатарынан екінші турнирде жеңіліс тапты.

Бұл жолы ол Дубай қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы жарыстың үшінші айналымында тоқтады. Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған қазақстандық теннисші WTA тізімінде 67-сатыдағы хорватиялық Антония Ружичпен кортқа шықты.

Кездесу барысында Рыбакина өз мүмкіндігін толық пайдалана алмады. Әсіресе алғашқы соққыларда жиі қателікке бой алдырып, алаңда сенімді қозғала қойған жоқ. Алғашқы сетті үлкен қиындықпен ұтқанымен, екінші партияда қарсыласына жол берді. Үшінші сет басында өз геймінде жеңіліс тапқан соң, медициналық үзіліс алуға мәжбүр болды.

Есеп 7:5, 4:6, 0:1 болып тұрған сәтте қазақстандық спортшы матчты жалғастыра алмай, турнирмен қоштасты.

Ұқсас жаңалықтар

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстанның әнұранын жаттап жүргенін айтты

Redaktor

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік қақпашылары қатарына енді

Redaktor

Өзбекстаннан келген қазақ боксшысы өзбекстандық боксшыдан тағы да жеңілді

Redaktor