Beksports спорт порталы
Басты ақпаратДзюдоЖаңалықтар

Қазақстанның ең үздік дзюдошыларының бірі татамиге қайта оралды

ijf.org

Варшава қаласында өтетін European Open турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Құрамда елдің ауыр салмақтағы жетекші дзюдошыларының бірі Кәмилла Берліқаш та бар.

+78 келі салмақта өнер көрсететін спортшы 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін жүктілігіне байланысты үзіліс алған еді. Кейін декреттік демалыстан оралып, 2025 жылы Семейде өткен Қазақстан чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Енді бір жарым жылдық үзілістен соң Кәмилла Варшавада өтетін додада бабын сынамақ. Алдағы басты мақсаттарының бірі – Астанада ұйымдастырылатын Grand Slam турнирі. Бұл жарыс оның үлкен аренадағы толыққанды камбэк кезеңі болмақ.

Берліқаш – жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Grand Slam кезеңдерінің бірнеше дүркін жүлдегері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2023 жылғы Азия ойындары мен 2024 жылғы Олимпиадаға қатысқан.

Ұқсас жаңалықтар

«Сен тым кәрісің деді»: Назым Қызайбай спорттағы жолы жайлы шындықты айтты

Redaktor

World Boxing рейтингі: Қазақстанның – төрт, Өзбекстанның бес боксшысы көш бастады

Redaktor

Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы Олимпиада финалына шықты

Redaktor