Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

Антикорды басқарған Алик Шпекбаев спорт федерациясының президенті болды

instagram.com/volleyfederationkz

Қазақстанның құқық қорғау органдарында ұзақ жылдар еңбек еткен Алик Шпекбаев енді спорт саласында қызмет атқарады. Ол Алматы қалалық волейбол федерациясының президенті болып тағайындалды.

Бұл ақпаратты Қазақстан волейбол федерациясы хабарлады.

Алик Шпекбаев Алматы қаласы волейбол федерациясының президенті болып тағайындалды. Алматы қаласында волейболды дамыту жолында табысты жұмыс тілейміз, – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Алик Шпекбаев бұған дейін елдің күштік құрылымдарында бірқатар жауапты лауазымдарды атқарған. Ол ішкі істер вице-министрі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро басшысы болған. Сондай-ақ 2019–2021 жылдары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат» пен «Астана» арасындағы «алтын матчтың» өтеніні күні мен уақыты белгілі болды

Redaktor

Футзалдағы жаңа кезең: Рикардо Кака кеткеннен кейін Қазақстан құрамасына қандай бапкер қажет?

Redaktor

Ризабек Айтмұхан өзін сынайтындарға жауап берді

Redaktor