Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа пәтер сыйлады

ҚР ТСМ

Елордада мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен Милан Олимпиадасының финалисі Софья Самоделкинаға арналған салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Спортшылар Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарынан кейін елге оралып, жанкүйерлер мен спорт қауымдастығының ыстық ықыласына бөленді.

Елге оралған спортшылар мен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Асем Қасанованы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералы және ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин құттықтады.

Салтанатты шара барысында Одақ атынан, демеуші — Saltanat Diamond Gallery зергерлік үйінің қолдауымен, спортшылар мен бапкерлерге пәтер кілттері табысталды. Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушысы Алексей Урмановқа үш бөлмелі пәтер берілсе, Софья Самоделкина мен Асем Қасанова бір бөлмелі баспананың иесі атанды.

Айта кетерлігі, Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина Астанадан пәтер иеленсе, Алексей Урманов пен Асем Қасанова Алматы қаласынан баспана алды.

Осындай кеш уақытта арнайы келіп, мені қарсы алған баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Мен үшін бұл ерекше қуанышты әрі толқынысқа толы сәт. Олимпиада ойындарында еліміздің көк Туы ең биік тұғырға көтеріліп, Әнұранымыз шырқалғанда, жүрегімді зор мақтаныш кернеді.Маған айтылған жылы лебіздеріңізге, көрсеткен қолдауларыңызға және сый-сияпаттарыңызға көп рақмет. Шынымды айтсам, айтар сөз табу қиын, барша қолдауларыңыз үшін шексіз ризашылығымды білдіремін. Бұл сенім мен қолдау маған алдағы уақытта да аянбай еңбек етіп, еліміздің абыройын асқақтатуға зор жігер береді — деді Михаил Шайдоров.

Ұқсас жаңалықтар

Асу Алмабаев UFC үздік 15 файтер санатына енді

Redaktor

Атышулы «Әнуарбек-мотиватор» 15 тәулікке қамалды

Redaktor

Жәнібек Әлімханұлы денсаулығы туралы айтты

Redaktor