Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогының кезеңінде алтын медаль еншіледі.
Елімізге жүлдені Асылхан Асан әкелді. Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы жекелей жарыста жеңімпаз атанды. Ол төрешілердің шешімімен 99,84 ұпай жинап, жарыста жеңіске жетті, — делінген хабарламада.
Екінші орынды Роман Бондарчук (Украина) иеленді — 99,45 ұпай.
Үздік үштікті Эллиот Примо (Канада) түйіндеді — 93,76 ұпай.
