Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина үш қарсыласын жеңді

Фото: globallookpress.com

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің төртінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Australian Open-2026 жарысының 1/16 финалында әлемнің 54-ракеткасы, 18 жастағы чехиялық Тереза Валентовамен кездесіп, 6:2, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Матч бір сағат 23 минутқа созылды. Кездесу барысында Рыбакина 4 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Ал Валентова 4 эйс орындағанымен, сегіз қос қателікке жол берді.

Айта кетейік, бұл теннисшілер бұған дейін де кездескен. Өткен жылы АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында Елена Рыбакина чехиялық жас спортшыны 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңген болатын.

Бұл жолғы матчта Валентова ойынды брейкпен бастағанымен, қазақстандық теннисші басымдықты өз қолына алып, алғашқы сетте 6:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Рыбакина 5:3 есебімен алға шығып, матчқа берген мүмкіндігін сәтті пайдаланды.

Тереза Валентова – өз қатарластары арасында ең дарынды теннисшілердің бірі. Ол жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің үздік төрттігіне кіріп, 2024 жылы «Ролан Гаррос» турнирінде жекелей және жұптық сында чемпион атанған.

Ширек финал жолдамасы үшін Елена Рыбакина әлемнің 21-ракеткасы, бельгиялық Элисе Мертенспен кездеседі. Мертенс үшінші айналымда чехиялық Никола Бартунькованы 6:0, 6:4 есебімен ұтқан.

Еске салсақ, 26 жастағы Рыбакинаның Australian Open турниріндегі ең үздік нәтижесі – 2023 жылғы финал. Ал өткен маусымда ол төртінші айналымға дейін жеткен еді. Осылайша, қазақстандық теннисші биыл да былтырғы көрсеткішін қайталап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды марапаттады

Redaktor

Ұлан Қонысбаев «Тараз» клубының директоры болды

Redaktor

Сәтпаевтың ізімен: 16 жастағы өзбекстандық футболшы «Челси» академиясына қабылданды

Redaktor