Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Луиш Нани ҚПЛ-дегі алғашқы матчында ерекше әрекетімен көзге түсті

Ақтөбе ФК

Португалиялық жартылай қорғаушы Луиш Нани Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы ойынында нәтижелі әрекетімен көзге түсті.

Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының бірінші турында Ақтөбе Түркістанда Тобыл клубын қабылдап, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Кездесу Түркістан Арена стадионында өтті.

Ойынның 24-минутында Даниэль Соса дәл соққы жасап, алаң иелерін алға шығарды. Бірінші таймның ортасында «Тобыл» есепті теңестіруге мүмкіндік алғанымен, Луис Герраның пенальтиден жасаған соққысын қақпашы Александр Заруцкий қайтарып, командасын голдан құтқарды.

39-минутта қонақтар ойыншысы Максим Мякиш қызыл қағаз алып, «Тобыл» алаңда он футболшымен қалды.

Екінші тайм басталысымен «Ақтөбе» басымдығын күшейтті. 46-минутта Айдин Зелькович есепті 2:0-ге жеткізсе, 68-минутта Тимур Досмағамбетов алыстан дәл соққы жасап, айырмашылықты үш голға дейін ұлғайтты.

71-минутта алаңға шыққан Луиш Нани үш минуттан кейін нәтижелі пас беріп, Иван Ордецтің гол соғуына мүмкіндік жасады. Осылайша португалиялық ойыншы Қазақстан чемпионатындағы алғашқы ассистін тіркеді.

Оған дейін, 72-минутта «Тобыл» сапынан Жаслан Жұмашев бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартқан болатын. Алайда 74-минутта Ордец Нанидің пасын голға айналдырып, матчтағы соңғы нәтижені белгіледі.

Осылайша Ақтөбе жаңа маусымды сенімді жеңіспен бастап, алғашқы үш ұпайын еншіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Ресми: Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара чемпиондық атақты сарапқа салатын болды

Redaktor

Дэвис кубогі: Бублик қатысқан кездесуде Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты

Redaktor

Екі күн бойы ұйықтамадым — Михаил Шайдоров

Redaktor