Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарММА

UFC 326: қазақстандық файтер сенсациялық жеңіске жетті

allboxing.ru

Қазақстандық жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай аралас жекпе-жектен Лас-Вегаста өткен UFC 326 турнирінде өнер көрсетті.

Ол жекпе-жекте бразилиялық дебютант Рафаэл Тобиаспен кездесті. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын.

Кездесу соңында төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық спортшыға берілді. Айта кетерлігі, бұл кездесуде фаворит ретінде бразилиялық файтер саналған еді.

Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби мансабындағы 11-жеңісіне қол жеткізді. Ал Рафаэл Тобиас ММА-дегі екінші жеңілісіне ұшырады.

Бұл жеңіс Нұрғожай үшін Ultimate Fighting Championship ұйымындағы алғашқы жеңіс болды. Бұған дейін ол UFC-дегі екі кездесуінде жеңіліс тапқан еді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚХЛ: Миллиардтаған бюджеті бар «Барыс» жеңілістен көз ашпай келеді

Redaktor

Хоккейден Қазақстан командасының Олимпиадаға іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды

Redaktor

Армрестлингтен әлем чемпионаты: Қазақстан 82 алтын медаль жеңіп алды

Redaktor