Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Қазақ қызы финалда өзбек боксшысын нокаутпен жеңді

Қазақстан бокс федерациясы

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Futures Cup (U-19) халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының өкілі Айдана Убайдуллақызы 80 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.

Финалда қазақстандық боксшы Өзбекстан спортшысы Асалой Бахтиёрованы айқын басымдықпен жеңді. Алғашқы раундта Айдана 5:0 есебімен алға шықса, екінші раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, отандасымызға техникалық жеңіс берді.

Осылайша, Айдана Убайдуллақызы Futures Cup турнирінің алтын медалін жеңіп алып, жарыс тарихындағы алғашқы чемпиондардың бірі атанды. Айта кетейік, бұл турнир World Boxing ұйымының бастамасымен биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасынан тағы бес боксшы финалда бақ сынайды. Олар: Камила Оспанова (70 келі), Досжан Жұмақан (60 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Жалғас Өтебеков (90 келі) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары).

Жалпы, Қазақстан құрамасынан турнир финалына сегіз спортшы жолдама алды. Бұл көрсеткіш бойынша ұлттық құрама екінші орында келеді. Көш басында 9 боксшымен Өзбекстан тұр. Ал үшінші орында финалға 5 спортшы шығарған АҚШ құрамасы орналасқан.

Сондай-ақ Қазақстан сапынан Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Зарина Толыбай (75 келі) және Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келі) қола жүлдеге ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Ербол Мырзабосынов Черчесовтің әрекетін кешіруге шақырды

Redaktor

Бас бапкер жеңіл атлеттердің Олимпиадаға дайындығы туралы айтты

Redaktor

Күн сайын түрме мен аурухананың арасында жүрдім – Баян Есентаеваның үлкен қызы

Redaktor