Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҰлттық спорт

Астанада «Ұлы Дала ойындары» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Астана қаласында Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылған отбасылық «Ұлы Дала Ойындары» фестивалі өз мәресіне жетті. Биылғы жарысқа 50 отбасы қатысып, ұлттық дәстүр мен заманауи технологияны ұштастырған ерекше форматта өтті.

Фестиваль үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар ұлттық ойындар негізіндегі отбасылық эстафетада өзара бақ сынасты. Бұл кезеңде ептілік, жылдамдық және командалық үйлесім басты рөл атқарды.

Екінші кезеңде заманауи технологиялар, атап айтқанда жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңінен қолданылды. Қатысушылар виртуалды садақ ату, күштік жаттығулар сияқты интерактивті ойындарға қатысып, нәтижелер автоматты түрде есептелді. Сонымен қатар тоғызқұмалақ ойынында компьютер қарсылас ретінде ұсынылып, ойыншыларға тың тәжірибе сыйлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жасанды интеллект нәтижелерді дәл тіркеуге, төрешілік қателіктерді азайтуға, қатысушылардың қозғалысын талдауға және ойындардың қызықтылығын арттыруға мүмкіндік берген.

Жарыстың үшінші кезеңі –  арқан тартыс –  командалардың әкелері арасында өтіп, фестивальдің ең тартысты әрі әсерлі сәттерінің біріне айналды.

Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын – «Сұңқар» командасы
2-орын –  «Көктал» командасы
3-орын –  «Астана» командасы

Жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аталған фестиваль ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, оларды жаңа технологиялар арқылы заманауи форматта насихаттаудың тиімді жолын көрсетті. «Ұлы Дала Ойындары» жас ұрпаққа мәдени мұраны қызықты әрі қолжетімді түрде жеткізудің жарқын үлгісіне айналды.

Ұқсас жаңалықтар

2024 жылғы Олимпиадада отандық бапкерлер мен дәрігерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Redaktor

«Кері кетіп барамыз». Рафаэль Уразбахтин алаңның сапасын сынға алды

Redaktor

АҚШ-та қазақстандық боксшының үйі өртеніп кетті

Redaktor