Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Ресей мен Беларусь World Boxing ұйымына қосылды

Фото: instagram.com/iba_official/

World Boxing ұйымы қатысушылар құрамын кеңейтті: оған Ресей, Беларусь және бірнеше ұлттық федерация қосылды.

Енді ресейлік боксшылар World Boxing аясындағы турнирлерге – соның ішінде әлем чемпионаттары мен Олимпиадаға іріктеу жарыстарына қатыса алады. Дегенмен, Ресей мен Беларусь спортшылары бейтарап мәртебеде (AIN) өнер көрсетуі мүмкін.

Ұйым мәліметінше, жаңа қатысушыларға әзірге «бекітілген мүшелер» мәртебесі берілді. Бұл мәртебе турнирлерде өнер көрсетуге мүмкіндік берсе де, 2026 жылғы Конгресте дауыс беруге құқық бермейді.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік боксшылар Париж-2024 Олимпиадасынан тыс қалған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Әлем чемпионаты: Иранның орнына Италия құрамасы баруы мүмкін

Redaktor

Жанқош Тұраров Алматыда чемпиондық атағын қорғайды

Redaktor

Журналистер тоғызқұмалақтан турнирге қатысады

Redaktor