Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Ғалымжан Кенжебек ҚПЛ-ға қайта оралуы мүмкін

ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі Ғалымжан Кенжебек Ресей чемпионатынан Қазақстан Премьер-лигасына оралуы ықтимал. Бұл туралы eldar_amanvibe арнасы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, бельгиялықтарға қарсы ойында жоғары деңгей көрсеткен вингер Намибияға қарсы кездесуде өз мүмкіндігін толық аша алмаған. Қыста ҚПЛ-дан Ресей Премьер-лигасына ауысып, «Ахмат» сапына қосылған футболшы үшін жаңа чемпионатқа бейімделу оңай болмай отырғаны айтылды.

Қазіргі таңда Кенжебекті Қазақстанның бірнеше клубы өз қатарына қосуды көздеп отыр. Атап айтқанда, «Ордабасы» мен «Ақтөбе» ойыншыны жалға алуға қызығушылық танытса, «Елімай» клубы да бұл трансферді қарастырып жатыр. Айта кетейік, Кенжебек бұған дейін дәл осы семейлік командада жарқырап, жанкүйерлердің ықыласына бөленген.

Сондай-ақ, футболшының өзі де Қазақстанға оралған жағдайда «Елімай» сапында өнер көрсетуге ниетті екенін бірнеше рет білдірген. Егер Ресейдегі жағдайы тұрақталмаса, ол еурокубоктар қарсаңында таныс ұжымға қайта қосылуы мүмкін.

Дегенмен «Ахмат» клубының маусым соңына дейін әлі бірнеше ойыны бар. Сондықтан Кенжебекке көбірек ойын уақыты беріліп, өз деңгейін дәлелдеуге мүмкіндік тууы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы мен «Тобыл» клубының ойыншысы Дамир Марат FIFA Series аясында Намибияға қарсы өткен матч туралы пікір білдірген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Халықаралық басылым Дастан Сәтпаевтың ойынына талдау жасап, жоғары баға берді

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы сынға жауап берді: «Оның аяқ-қолын ешкім байлап отырған жоқ»

Redaktor

Михаил Шайдоров әлемнің үздік алты спортшысының қатарына еніп, Гран-при финалына шықты

Redaktor