Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Софья Самоделкина әлем чемпионатындағы үздік нәтижесін тіркеді

СДД

Мәнерлеп сырғанаудан Чехия астанасы Прагада өткен әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жүлдегерлер анықталды.

Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина қос бағдарлама қорытындысы бойынша 187.53 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады. Бұл – оның әлем чемпионатындағы екінші өнер көрсетуі. Еске сала кетейік, ол 2025 жылы Бостонда өткен додада дебют жасап, 14-орын алған еді.

Алтын жүлде жапониялық Каори Сакамото еншісіне бұйырды. Ол 238.28 ұпай жинап, мансабында төртінші рет әлем чемпионы атанды. Күміс жүлдені тағы бір жапониялық Монэ Чиба (228.47 ұпай) иеленсе, қола медаль бельгиялық Нина Пиндзарроне қоржынына түсті (215.20 ұпай).

Айта кетейік, әлем чемпионаты тарихында 2019 жылы қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева алғаш рет төрттік сальхов секірісін орындап, күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Селтикке» қарсы ойында үш пенальти қайтарған Темірлан Анарбеков үшін бүгін ерекше күн

Redaktor

Ресми: «Қайрат» пен «Пафос» арасындағы матчқа кіру тегін

Redaktor

Ризабек Айтмұхан еркін күресті таңдағанына өкініш білдірді

Redaktor