Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарММА

«Қазақ терминаторы» Еркебұлан Тоқтарды жеңген спортшыны жекпе-жекке шақырды

ФОТО: Getty Images

Қазақстандық MMA шебері, «Қазақ терминаторы» лақап атымен танымал Мұратбек Қасымбай Еркебұлан Тоқтардың жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

Қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулу төрешілер шешімімен Тоқтарды жеңгеннен кейін, Қасымбай оған жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді.

Мен – сен қашатын адаммын! Егер көрермендерім осы жекпе-жекті көргісі келсе, Марсельді белгілеңіздер, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Нұрланбек уулу мен Тоқтар арасындағы кездесу Hype FC 28 турнирі аясында Арменияда өтті. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен аяқталған еді.

Мұратбек Қасымбай – 2021 жылғы панкратионнан әлем чемпионы. Ол кәсіби лигалармен қатар поп-MMA форматында да өнер көрсетіп жүр.

Ал Еркебұлан Тоқтар соңғы жылдары поп-MMA-ден кәсіби деңгейге өтіп, қазіргі таңда 11 жеңіс және 3 жеңілістен тұратын рекордқа ие. Сонымен қатар ол әлеуметтік желідегі танымалдылығы бойынша Шавкат Рахмоновтан да алда келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Парижде «жылап» танымал болған жапон дзюдошысының суреттері көшеге іліне бастады

Redaktor

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының финалына шыға алмады

Redaktor

Николай Костов «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Redaktor