Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов әлі де жарақатын емдеп, командасымен жаттығу жасап жүрген жоқ.
Бұған дейін футболшының Сербияға барып, жергілікті маманның бақылауымен жеке ем қабылдап жатқаны хабарланған. Ойыншыны мазалап жүрген негізгі мәселе – санның ішкі бұлшықеті (приводящая мышца) жарақаты. Сол себепті толыққанды жаттығу жасауға мүмкіндік жоқ.
Клуб та ойыншының сауығу үдерісін жеделдетуге асықпай, денсаулығына қауіп төндірмеуді басты назарда ұстап отыр. Қазіргі уақытта жарақатты толық емдеудің тиімді жолдары қарастырылып жатыр.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Зайнутдинов жақын уақытта алаңға оралмауы мүмкін. Тіпті толық жазылған күннің өзінде қалпына келу үшін қосымша уақыт қажет болады.
Айта кетейік, 27 жастағы жартылай қорғаушы өткен жылдың 19 қазанынан бері ресми матчтарға қатыспаған.
