Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Бүгін Азия чемпионатында ел құрамасынан кім шаршы алаңға шығады

ҚФБ

Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 31 наурызда Қазақстан құрамасынан бір боксшы жекпе-жек өткізеді.

Отандастарымыздың арасынан Римма Волосенко (60 келі) 1/8 финалда үндістандық Приямен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек бесінші жұпқа жоспарланған.

Азия чемпионаты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Құрлықтық дода 10 сәуірге дейін жалғасады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасынан Жазира Орақбаева (51 келі) мен Элина Базарова (54 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Әйелдер құрамасы (бас бапкер – Елдос Сайдалин):

  • Әйгерім Сәттібаева (48 кг)
  • Ұлжан Сәрсенбек (57 кг)
  • Римма Волосенко (60 кг)
  • Лаура Есенкелді (65 кг)
  • Бақыт Сейдіш (70 кг)
  • Валентина Хальзова (75 кг)
  • Надежда Рябец (80 кг)
  • Дина Исламбекова (80+ кг)

Ерлер құрамасы:

  • Санжар Тәшкенбай (50 кг)
  • Махмұд Сабырхан (55 кг)
  • Оразбек Асылқұлов (60 кг)
  • Ертуған Зейнулинов (65 кг)
  • Төрехан Сабырхан (70 кг)
  • Сабыржан Аққалықов (75 кг)
  • Ерасыл Жақпеков (80 кг)
  • Нұрбек Оралбай (85 кг)
  • Сағындық Тоғамбай (90 кг)

Айта кетейік, құрлықтық додада Қазақстан намысын барлығы 20 боксшы (10 ер, 10 әйел) қорғап жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Көшпенділер ойындары: Астанада атқа мінгендер шеруі өтті

Redaktor

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден озды

Redaktor

Күйеуіме ақшасын өзім төлеп, екі рет Меккеге жібердім – Дариға Бадықова

Redaktor