Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Төрехан Сабырхан Азия чемпионатын сәтті бастады

ҰОК

Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан жартылай финалға жолдама алды.

70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз ширек финалда тәжікстандық Шамшиер Саидовпен қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Жекпе-жектің алғашқы раундында қарсыласы белсенділік танытып, бірінші нөмірмен жұмыс істегенімен, Сабырхан сабыр сақтап, қарсы шабуылдарға көшті. Дәл соққыларының арқасында раундты төрешілердің басым бөлігі оған берді. Екінші раундта қазақстандық боксшы толық басымдық танытып, барлық төрешілердің қолдауына ие болды. Үшінші раундта да ол нәтижелі әрекеттерімен көзге түсіп, жекпе-жекті өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті. Енді ол финал жолдамасы үшін моңғолиялық Бямба-Эрдэнэ Отгонбаатар мен қытайлық Пен Чен Ван арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан — жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның бірнеше дүркін чемпионы және жастар арасындағы әлем чемпионы атанған дарынды боксшылардың бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде көш бастап тұр

Redaktor

Бұл медальді Қазақстан халқына арнаймын — Михаил Шайдоров

Redaktor

Қазақстан құрамасы Президент Кубогына қатысатын құрамын жариялады

Redaktor