Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Юрген Клопп бас бапкерлікке оралуы мүмкін

©Depositphotos.com/canno73

Германия құрамасының бас бапкері қызметіне Юрген Клопп басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылуда. Бұл тағайындау Юлиан Нагельсманн 2026 жылғы әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетіп, қызметінен кететін жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.

El Nacional басылымының мәліметінше, бұған дейін «Ливерпуль», «Боруссия Дортмунд» және «Майнц» командаларын жаттықтырған Клопп Германия футбол одағы (DFB) үшін негізгі таңдау болып отыр.

Айта кетейік, Нагельсманнға қатысты сын-пікірлер 2024 жылғы Еуропа чемпионатындағы сәтсіз нәтижеден кейін күшейген.

Қазіргі уақытта Клопп Red Bull жүйесінде спорттық кеңесші қызметін атқарады, алайда ол қайтадан бапкерлікке оралуы мүмкін.

Дегенмен, маманның Германия құрамасын қабылдауы тек құрамды түбегейлі жаңартумен байланысты болуы ықтимал. БАҚ деректеріне сәйкес, Клопп команданы жасартуды жоспарлап, бірқатар тәжірибелі ойыншылардан бас тартуы мүмкін. Олардың қатарында Антонио Рюдигер, Лерой Сане және Паскаль Гросс бар. Сонымен қатар, Леон Горецка, Никлас Фюллькруг және Марк-Андре тер Штеген тағдыры да белгісіз күйде қалып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Клопптың есімі «Реал Мадрид» командасымен де байланыстырылған болатын. Ол 2024 жылы «Ливерпульден» кеткеннен кейін әзірге ешбір клубты жаттықтырған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды

Redaktor

Бублик Мадридтегі «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады

Redaktor

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден озды

Redaktor