Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Сәтпаевтың ізімен: 16 жастағы өзбекстандық футболшы «Челси» академиясына қабылданды

Championat.Asia

Ағылшын футболының алпауыттарының бірі – «Челси» жас таланттарды қатарға қосуды жалғастырып жатыр. Бұл жолы лондондық клуб Өзбекстаннан шыққан 16 жастағы перспективалы ойыншы Зуфархужа Акрамхужаевты өз академиясына қабылдады.

Repost.uz мәліметінше, жас футболшы сынақтан сәтті өтіп, «Челси» академиясының U15 құрамымен келісімшартқа қол қойған. Бұл – Орталық Азия футболы үшін маңызды жаңалықтардың бірі.

Акрамхужаев 2010 жылы Әндіжанда дүниеге келген. Бұған дейін ол “Андижан-SGC” клубында өнер көрсеткен.

Лондонға қашан барады?

Дереккөздерге сүйенсек, футболшы «Челси» академиясына биыл қыркүйек айында ресми түрде қосылады. Келісімшарт мерзімі – екі жыл. Қазіргі таңда қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Орталық Азия үшін тарихи қадам

Айта кетейік, бұған дейін «Челси» жүйесінде Орталық Азиядан шыққан жалғыз ойыншы – Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев болған. Жас талант лондондық клубқа 18 жасқа толған соң, 2026 жылдың жазында қосылады. БАҚ мәліметінше, оның трансфер құны шамамен 4 миллион фунтты құраған.

Ал өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов қазірдің өзінде «Манчестер Сити» сапында өнер көрсетіп жүр.

Зуфархужа Акрамхужаевтың «Челси» академиясына өтуі – аймақтағы футболдың дамып келе жатқанын көрсететін маңызды белгі. Клуб өкілдері жас ойыншының техникасын, ойын түсінігін және алаңдағы сенімділігін жоғары бағалап, оның болашағынан зор үміт күтетінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

«Барыс» қатарынан 4 ойында жеңіліп, қарсыластарына ұпай таратумен айналысып жатыр

Redaktor

UFC-дің бұрынғы чемпионы Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді

Redaktor

«XDS Astana Team» велошабандозы Франциядағы көпкүндікте жеңіске жетті

Redaktor