Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

«Almaty Open Seniors»: екінші кезеңдегі үздіктер анықталды

әлеуметтік желі

Алматы қаласында еркін күрестен «Almaty Open Seniors» турнирінің екінші кезеңі мәресіне жетті. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен келген 13 команданың құрамындағы 83 спортшы қатысты.

Тартысты белдесулердің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Алматы қаласының құрамасы иеленді. Екінші орын Алматы облысының балуандарына бұйырса, үздік үштікті Жетісу облысының командасы түйіндеді.

Турнир алты олимпиадалық салмақ дәрежесі бойынша өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лиганың жалпы рейтингіне маңызды ұпайлар еншілеп, келесі кезең алдындағы өз позицияларын нығайтты.

Турнирдің негізін қалаушы Ерлан Малаевтың айтуынша, бұл жоба еркін күресін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Ерлан Малаев, турнирдің негізін қалаушы:

«Екінші кезең жарыстың деңгейі айтарлықтай өскенін көрсетті. География кеңейіп, қатысушылар саны артып келеді. Ең бастысы — балуандардың күреске деген қызығушылығы жоғары. Біз бұл жоба арқылы олардың спорттан қол үзбеуіне, жастарға үлгі болуына және еркін күресті одан әрі насихаттауға мүмкіндік жасап отырмыз. Алда тағы бірнеше кезең бар. Финалдық бәсеке одан да тартысты өтетініне сенімдімін».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Almaty Open Seniors» — еркін күресті жүйелі түрде дамытуға бағытталған бірегей жоба. Лига аясындағы кезеңдік жарыстар спортшыларға тұрақты түрде бақ сынап, маусым қорытындысы бойынша үздіктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» тағы жеңілді

Redaktor

«Ол жазаға лайық»: Лара Жәнібек Әлімханұлын жазалауды талап етті

Redaktor

Тағы бір федерация тізгінін шетелдік маман ұстады

Redaktor