Олимпиада чемпионы, жастар құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев ұлттық құрамадағы кадрлық ауыс-түйіске қатысты тараған әңгімелерге пікір білдірді.
Ол жауапты қызметке тағайындалған бас бапкер Нұржан Насановқа қолдау көрсетіп, алып-қашпа сөздерге жол бермеуге шақырды.
Ағайын, өсек сөздердің тарауына жол бермейік. Мойнына үлкен жауапкершілік артылған Нұржан бауырымыздың көңілін түсіріп, аяғынан шала бермей, қолдау білдірейік. Нұржан Насанов — өте білікті маман! Әлі талай нәтиже көрсетеріне сенемін! Бас бапкерді ауыстыру — ойыншық емес, стратегиялық қадам. Қайрекеңнің денсаулығы сыр бермесе, олимпиадаға екі жыл қалғанда ешкім ауыс-түйіс жасамайды. Ағамызға денсаулық тілейік! Ендігі жерде бокс басында жүрген азаматтарды бір-біріне қарсы қоюды тоқтатайық, өтініш! – деді Бақыт Сәрсекбаев.
