Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Аустралияда баспана сұраған ирандық футболшылардың бесеуі елге оралатын болды

Фото: Getty Images

Аустралияда саяси баспана сұраған Иран әйелдер футбол құрамасы капитаны Захра Ганбари өз өтінішін қайтарып алды.

Бұған дейін Иран делегациясының жеті мүшесі – бес футболшы мен екі қызметкер – елге оралмайтындарын мәлімдеген еді. Алайда кейін олардың бесеуі шешімін өзгертіп, Отанына қайтуға келісті. Олардың қатарында Ганбари да бар.

IRNA агенттігінің мәліметінше, Захра Ганбари алдымен Малайзияға ұшып, кейін Иранға оралады. Ирандық БАҚ бұл шешімді қолдап, оны «туған елге оралу» және «патриоттық қадам» деп бағалады.

Сенбі күні екі футболшы мен бір командалық қызметкер баспана туралы өтініштерін қайтарып, Малайзияға кеткен. Олар Тегеранға ұшатын рейсті күтуде. Бұған дейін тағы бір ойыншы да өтінішін кері қайтарған болатын. Қазіргі уақытта екі футболшы ғана Австралияда қалуды жоспарлап отыр.

Австралия билігі Ганбаридің жағдайына қатысты әзірге ресми пікір білдірмеді. Ал Австралияның Ішкі істер министрі Тони Бёрк үкімет спортшылардың қауіпсіздігі үшін барлық мүмкіндікті қарастырғанын айтты.

Айта кетейік, Иран құрамасының Азия кубогындағы алғашқы ойыны АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттерінің басталуымен тұспа-тұс келді. Сол кездесуде футболшылар елдің гимнін орындамаған еді. Кейінгі матчта олар гимн айтып, патриоттық ишаралар жасаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Аустралия билігін ирандық футболшыларға баспана беруге шақырған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат» күтпеген жерден Чемпиондар лигасында жеңіліс тапты

Redaktor

«Қайрат» клубы Темірлан Анарбековты сатуға ниетті

Redaktor

Елімізде алғаш рет Roland Garros турнирінің іріктеу кезеңі өтеді

Redaktor