Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Әлем чемпионатының алғашқы голын кім соқты?

Фото: Gettyimages.ru

Мехикодағы әйгілі Estadio Azteca стадионында өткен футболдан әлем чемпионатының ашылу матчында Мексика құрамасының шабуылшысы Julián Quiñones турнирдегі алғашқы голдың авторы атанды.

Оңтүстік Африка құрамасына қарсы кездесудің 9-минутында Киньонес қарсылас қорғаушыларының қателігін тиімді пайдаланып, есеп ашты. FIFA дерегінше, бұл әлем чемпионаттары тарихындағы 2721-гол ретінде тіркелді.

29 жастағы шабуылшы Колумбияда дүниеге келгенімен, кәсіби мансабының басым бөлігін Мексикада өткізді. Ол бұған дейін Tigres UANL, Atlas F.C. және Club América сапында өнер көрсетті. Қазіргі таңда Сауд Арабиясының Al-Qadsiah FC клубының намысын қорғап жүр.

2023 жылдың соңында Киньонес Мексика азаматтығын алып, Колумбия құрамасынан түскен шақыртудан бас тартқан болатын. Содан бері ол Мексика ұлттық құрамасының негізгі ойыншыларының біріне айналды.

Ашылу салтанатында Шакира өнер көрсетті

Матч алдында өткен әлем чемпионатының ашылу рәсімінде әйгілі колумбиялық әнші Shakira және нигериялық орындаушы Burna Boy көрермендерге арнайы шоу ұсынды.

Айта кетейік, «Ацтека» стадионы әлем чемпионатының ашылу матчын үшінші рет қабылдап отырған алғашқы арена атанып отыр. Бұған дейін мұнда 1970 және 1986 жылғы әлем чемпионаттарының алғашқы ойындары өткен.

Ұқсас жаңалықтар

The Ring журналы Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен шығарып тастады

Redaktor

Нұржан Насанов: Сенімді ақтамаған боксшылар бар

Redaktor

Канелоны «сабаған» қолғап Алматыда аукционға қойылмақ

Redaktor