Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Бизнесмен Шахмұрат Мүтәліп «Ордабасы» клубын сатып алды

"Ордабасы" ФК

Шымкент қаласында «Ордабасы» футбол клубын жеке басқаруға беру жөніндегі меморандум рәсімделді. Құжатқа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» компаниясының басшылығы қол қойды. Бұл шешім Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес кәсіби спорт клубтарын жекешелендіру саясаты аясында қабылданды.

Жаңа модель клуб жұмысына жеке инвестиция тартуға, басқаруды нарық талаптарына бейімдеуге және корпоративтік стандарттарды енгізуге бағытталған. Сондай-ақ инфрақұрылымды жетілдіру, жаттығу базасын жаңғырту, цифрлық басқару жүйесін дамыту және коммерциялық әлеуетті арттыру көзделіп отыр.

«Ордабасы» – тарихы бай әрі жанкүйерлері мықты қолдайтын клуб. Біздің алдымызда инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді Шахмұрат Мүтәліп.

Қала басшылығы бұл бастама футбол академиясын күшейтіп, жас ойыншыларды даярлау сапасын арттыруға жол ашатынын атап өтті. Инвестор тарап клубты ұзақ мерзімді жоба ретінде қарастырып, бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға басымдық беретінін мәлімдеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Бублик 1 миллион долларлық жүлде қорына ие турнирге қатысады

Redaktor

Жәмилә Бақбергенова UWW Әлемдік рейтингінде үздік үштікке енді

Redaktor

Сенсация! Қазақ балуаны әйгілі Олимпиада чемпионын жеңіп кетті

Redaktor