Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутзал

«Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне шықты

"Қайрат" футзал клубы

Қазақстандық «Қайрат» пен «Семей» командалары UEFA Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне жолдама алды.

«Семей» бұл кезеңде үшінші топта өнер көрсетті. Алғашқы ойында команда хорватиялық «Ново Вриемені» 3:2 есебімен жеңсе, екінші турда португалиялық «Спортингтен» 2:7 есебімен жеңіліп қалды. Шешуші үшінші турда Испанияның «Пальма» клубына 4:7 есебімен есе жібергенімен, 3 ұпаймен топта үшінші орын иеленіп, элиталық кезеңге жолдама алды.

«Қайрат» болса UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін жеңіспен аяқтады. Үшінші турда алматылықтар Косовоның «Приштина» командасын 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Кездесудің 6-минутында Біржан Оразов есеп ашса, 17-минутта Кевин Аррьета басымдықты арттырды. 22-минутта Ромуло өз қақпасына гол соғып алды. Ал 30-минутта Оразов дубль авторы атанып, 34-минутта Оливейра да Силва қорытынды есепті белгіледі.

Алғашқы екі турда алматылықтар «Ново Вриемені» 3:2 есебімен ұтып, кейін «Спортингтен» 2:7 есебімен жеңілген болатын. Осылайша «Қайрат» өз тобында 6 ұпай жинап, екінші орынмен элиталық кезеңге өтті.

Ұқсас жаңалықтар

«Бекзат Саттархановтың өлімі сабақ болу керек еді». Амалбек Тшанов боксшыларға ренішін білдірді

Redaktor

Қазақстандық жас хоккейшілер әлем чемпионатында бір матчта 14 шайба соқты

Redaktor

Қыздарымыз Арменияның әуселесін байқап көреді

admin_beksports