Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Қазақ қыздары Албаниядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

t.me/DRSQazaqstan

Албания астанасы Тиранада өткен рейтингілік турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Зейнеп Баянова (-50 кг) мен Лаура Алмағанбетова (-55 кг) алтын медаль жеңіп алды.

Зейнеп Баянова іріктеу кезеңінде АҚШ пен Жапония спортшыларын жеңіп, жартылай финалда Үндістан балуанын ұтты. Финалда үндістандық Приянши Праджапатты 13:2 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Лаура Алмағанбетова алғашқы айналымда Үндістан спортшысынан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түсті. Ақтық сында украиналық Лиллия Маланчукпен тартысты белдесуде 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық балуандардың бұл жеңісі әйелдер құрамасының халықаралық аренадағы табыстарын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр

Redaktor

Ең мықты спортшы ғана олимп шыңын бағындырады — Мырзағали Айтжанов

Redaktor

Махмұд Сабырхан үйленді

Redaktor