Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Қазақстан құрамасынан Милан Олимпиадасына кімдер баратын белгілі болды

ТСМ

2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады.

Қазір Қазақстан еншісінде келесі спорт түрлерінен лицензия бар:

Фристайл-могул — 4 спортшы

Фристайл-акробатика — Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.

Биатлон — 2 ер, 2 әйел спортшы (баратын спортшылар есімі Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінен кейін анықталады)

Тау шаңғысы спорты — Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.

Шаңғы қоссайысы — 1 спортшы.

Шаңғы жарысы — 7 спортшы

Шаңғымен тұғырдан секіру — 2 спортшы

Конькимен жүгіруден 5 спортшы — Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.

Шорт-тректен 4 спортшы — Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.

Мәнерлеп сырғанаудан — Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

Айта кетейік, бұл тек 2025-2026 жылғы маусымдағы лицензиялық кезеңдер нәтижесіндегі көрсеткіш. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің есебінен қосымша жолдамалар берілуі мүмкін.

Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады.

XXV қысқы Олимпия ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.

Фото: ТСМ

Ұқсас жаңалықтар

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті қызметіне өз бағдарламасын ұсынды

Redaktor

Жәнібек Әлімханұлы денсаулығы туралы айтты

Redaktor

EURO-2026: Қазақстан мен Армения тең түсті

Redaktor