Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты іс 23 қаңтарда қаралады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы 23 қаңтарда қайта қаралатын болды.

Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, федерацияның Тәртіптік комиссиясы алғашқы тыңдауды өткізіп, істі жан-жақты бағалау үшін қосымша мән-жайлар бар екенін анықтаған. Атап айтқанда, сараптамалық, медициналық және құқықтық талдауды қажет ететін мәселелер белгілі болған.

— Бір ғана аналитикалық нәтижеге сүйеніп, асығыс қорытынды жасауға болмайды. Допинг-тесттің оң нәтижесі спортшының әдейі әрекет еткенін немесе елеулі кінәсін автоматты түрде дәлелдемейді, — деді Ерденбеков.

Оның сөзінше, халықаралық антидопинг стандарттары тыйым салынған заттың ағзаға түсу себептерін, спортшының сақтық шараларын және тестілеуге дейінгі және кейінгі әрекеттерін ескеруді талап етеді. Іс «Елеулі кінә немесе немқұрайлылық жоқ» қағидаты негізінде қаралып жатыр.

Тәртіптік комиссия құрамына федерация, мемлекеттік спорт органы, Ұлттық допингке қарсы орталық, медициналық комиссия және халықаралық төреші өкілдері кірген. Бұл шешім қабылдауда кешенді әрі бейтарап тәсілді қамтамасыз етеді.

Федерация барлық рәсімдер аяқталғанға дейін түпкілікті қорытынды жасалмайтынын атап өтіп, ақпараттық кеңістіктегі тараптарды сабыр сақтауға шақырды.

Қайта тыңдау 23 қаңтарға белгіленген. Осы уақытқа дейін комиссия іс материалдарын зерделеуді жалғастырады.

Фото: Жәнібек Әлімханұлының Instagram-дағы парақшасынан

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталады

Redaktor

Евгений Кошкин ел чемпионатында жеңіске жете алмады

Redaktor

Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Redaktor