Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстандық Олимпиада жүлдегері әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

ҰОК

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы ат үстіндегі жаттығулардың финалына табысты шыққанымен, жүлделі орыннан көріне алмады. Құрбанов төрешілерден 13,533 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады. Ал алтыншы орынды оның командадағы әріптесі Зейнолла Ыдрысов (13,666) иеленді.

Алтын медальді Қытай спортшысы Хон Яньмин (14,600) жеңіп алса, күміс жүлде армян спортшысы Мамикон Хачатрянға (14,600) бұйырды. Қола медальді америкалық Патрик Хупс (14,566) алды.

Ұқсас жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: «Бавария» сырт алаңда «Реалды» жеңді

Redaktor

Головкин АҚШ-та танымал боксшылармен кездесті

Redaktor

Рыбакина жоқ: Билли Джин Кинг кубогіне қатысатын теннисшілер белгілі болды

Redaktor