Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Рыбакина жоқ: Билли Джин Кинг кубогіне қатысатын теннисшілер белгілі болды

ҚТФ

10-11 сәуір аралығында Астанада Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Канада құрамалары арасында матчтар өтеді.

Теннисшілер командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін таласады.

Қазақстан құрамасы сапында кортқа шығатын спортшылар:

— Анна Данилина (жұптық сында WTA рейтингінде №6);

— Юлия Путинцева (№76 WTA);

— Жібек Құламбаева (жұптық сында №178 WTA);

— Аружан Сағандықова (№871 WTA);

— Соня Жиенбаева (№1018 WTA).

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы кездесуге қатыспайды. Мұндай шешім Қазақстан теннис федерациясы мен спортшының жаттықтырушылар штабының келісімімен қабылданды. Биыл Елена үшін басты мақсат — әлемдік рейтингте көшбасшылық үшін күресу.

Канада құрамасының тізімі:

— Виктория Мбоко (№10 WTA);

— Габриэла Дабровски (жұптық сында №2 WTA);

— Марина Стакусич (№130 WTA);

— Бьянка Андрееску (№165 WTA, жұптық сында №160);

— Кайла Кросс (№194 WTA, жұптық сында №131).

Бұл кездесудің жеңімпазы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады.

Ұқсас жаңалықтар

Милан-2026 Олимпиадасына арналған форманың эскизі жарияланды

Redaktor

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары UNESCO қолдауымен өтеді

Redaktor

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты елге оралды

Redaktor