Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға 3 бөлмелі пәтер табысталды

Біріккен күрес әлемі

Қыркүйек айында Хорватия астанасы Загребте өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында топ жарған Айдос Сұлтанғалиға Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды.

Пәтер кілтін алу рәсіміне Айдостың анасы мен жұбайы Қызылордадан арнайы келді. Айдос Сұлтанғали Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметіне пәтерді анасына сыйлайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Федерацияның соңғы жиынында президент Еркін Оқасов Айдосқа 2025 жылғы жетістіктері үшін пәтер сертификатын табыстаған болатын.

Айдос Сұлтанғали биылғы әлем біріншілігінде алтыннан алқа тағып, отандық күрес тарихындағы 26 жылдық алтынсыздық кезеңіне нүкте қойды. Ересектер санатында соңғы алтын 1999 жылы Мхитар Манукянға бұйырған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kazakhstan Wrestling (@kazwrestling_official)

Ұқсас жаңалықтар

Милан-2026: Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті

Redaktor

Кентауда заманауи жаттығу залы ашылды

Redaktor

Футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Redaktor